«Жер шары тұрғындары қартайып барады»: Тоқаев Қазақстанның артықшылығын атады
Ол елде білімді әрі жас азаматтар тұрады дейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің ең басты құндылығы адам екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тағы да қайталап айтамын: қазір адамзат жаңа дәуірдің сипаты айқындалатын тарихи жолайрықта тұр. Алға қарай қарыштап дамуға Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Қазір жер шарының тұрғындары қартайып бара жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанды жас әрі білімді азаматтардың елі деп айтуға болады.Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің, жалпы, көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлтық құрылтайтың отырысында.
Оның айтуынша, білім мен инновацияға негізделген экономика құру керек.
«Біз еліміздің әлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын және ең бастысы, мәселені тиімді шеше алатын әлеуеті мықты ел болуымыз қажет. Сондықтан білім мен инновацияға негізделген дамыған әрі жоғары технологиялық экономика құруға тиіспіз. Мұның бәрі азаматтар үшін жасалады. Себебі адам – біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық», - президент.