14.03.2025, 11:18
Саясат
«Парламент үкіметке сенбеді»: Португалияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді
Президент парламентті таратып жіберді
Фото: Facebook/ Marcelo Rebelo de Sousa Presidente
Португалия президенті Марселу Ребелу ди Соуза 18 мамырға кезектен тыс парламент сайлауын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешім Парламент үкіметке сенімсіздік білдіргеннен кейін қабылданды. 11 наурызда депутаттар премьер-министр Луиш Монтенегру басқаратын үкіметке қолдау көрсетуден бас тартты.
Саяси дағдарыс Spinumviva компаниясына қатысты жанжалдан басталды. Жергілікті БАҚ-та бұл компанияның премьер-министр отбасының меншігінде болғаны және оның мемлекеттік төлемдер алғаны туралы ақпарат тарады.
Осыған байланысты президент парламентті таратып, 18 мамырда кезектен тыс сайлау өткізуді жариялады. Бұл – Португалияда соңғы үш жылда өтетін үшінші парламенттік сайлау.
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады