Бектенов бұрынғы Семей полигонын тікұшақпен аралап көрді
Премьер-министр жұмыс сапарымен Абай облысына барған

Бүгін жұмыс сапарымен Абай облысына барған премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы Семей полигонының аумағын тікұшақпен аралап көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде премьер-министр «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ Премьер-министр әлемдегі алғашқы токамак «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бектенов сондай-ақ Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да қабылданып жатқан шаралармен танысты.