Үш министр, 8 вице-министр, 28 депутат: Қазақстанда әйелдер қандай басшылық қызмет атқарып жүр

Автор: Бақыт Шынар

Мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Парламентінде 28 әйел депутат, мәслихаттарда 774 депутат бар. Сондай-ақ елімізде 3 әйел министр, 8 вице-министр және 3 аппарат басшысы бар,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшы бар. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны – 1 248 адам.

«2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,8%-ға (84 482 мемлекеттік қызметшінің 47 158-і – әйелдер) жетті. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің жалпы үлесі – 39,1% (23 947 басшының 9 363-і). Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ға жетті», - деп жазады министрлік.

Тегтер: