Алматы қаласы Ауғанстан үшін Орнықты даму орталығына айналады
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлім етті

Алматы қаласы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығына айналады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен тиісті қарар қабылдаған. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
«Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады», - деп жазды ол телеграмда.