Антикор мен прокуратура 69 жастағы Нығматулинге іздеу жариялады

Автор: Бақыт Шынар

Оны іздестіруге прокуратура бастамашы болған

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жария болды. Ресми дереккөз жазғандай, оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор.

«Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Астана өңірінде тіркелді. Бастамашы -  прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.