03.03.2025, 12:45
Саясат
Тоқаев Осман империясынан азат болған Болгария халқын құттықтады
3 наурыз – Болгарияның Осман империясынан азат болған күні әрі ұлттық мейрамы
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі», - деп жазды Ақорда.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)