Коронавирустан кейінгі қаржыландыру: Тоқаев БҰҰ ұйымдастырған бейнеконференцияға қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

«БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейнеконференция форматында өтеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді», - деп жазады ол.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де көрсетіледі.