Петр Порошенко қайтадан долларлы миллиардер атанды
Президент болған жылдары ол тізімнен шығып қалған
Украиналық Forbes журналы экс-президенттің байлығын 1,4 миллиард долларға бағалады. Порошенко соңғы рет 2014 жылы $ 1,3 миллиард доллармен $ миллиардерлер тізімінде болған. Осылайша ол Украинадағы ең бай 100 кәсіпкер рейтингіне кірді. Рейтингте Порошенко үшінші орын алды, деп хабарлайды Forbes.ru.
Соңғы рет Порошенко Forbes долларлы миллиардерлер рейтингісіне 2014 жылы енгізілген, ол кезде байлығы 1,3 млрд долларға бағаланған болатын, 2015 жылы америкалық Forbes оны миллиардер санатына жатқызы алмады. Forbes Ukraine Порошенконың байлығын 750 миллион долларға бағалады және ең бай украиналықтардың ішінде Порошенко сегізінші орынды иеленді.
Порошенконың байлығының негізі - Roshen кондитерлік өнімдер өндірушісі. Сайлау науқаны кезінде кәсіпкер (ол 2014 жылдың мамыр айында Украинаның президенті болып сайланған) өзінің активтерін сатуға уәде берген.
«Порошенко президент болып сайланғаннан кейін бүкіл бизнесін сату туралы уәдесін тек 20%-ға орындады», - деп жазады Forbes Ukraine.
Іскер серіктесі Игорь Кононенкомен бірге ол Киевтің орталығындағы «Кузница на Рыбальский» зауытын сатты. Бұл сауда және оның президенттік мерзіміндегі басқа да әрекеттері оннан астам қылмыстық істің қозғалуына түрткі болды. Бірақ, ол істерде Порошенко күдікті де, айыпталушы да емес.
Украинаның ең бай кәсіпкерлері рейтингінде бірінші орынды тау-кен металлургия магнаты Ринат Ахметов иеленді, оның байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланды.
«2013 жылмен салыстырғанда, оның байлығы алты есеге қысқарды», - деп жазады басылым.
Ең бай украиндықтар тізімінде екінші орынды 1,4 миллиард доллары бар Interpipe тобының иесі Виктор Пинчук иеленді.