$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі келіссөз 18 ақпанда өтеді

Келіссөздерге үш тараптың өкілдері қатысады

Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі келіссөз 18 ақпанда өтеді
Фото: Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздерді 18 ақпанда Сауд Арабиясында өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Келіссөздердің нақты өтетін орны Эр-Рияд қаласы екені атап өтілді.

Axios мәліметінше, АҚШ делегациясының құрамына:

  • Мемлекеттік хатшы Марко Рубио,
  • Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтц,
  • Дональд Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф кіреді.

Fox News арнасының хабарлауынша, 16 ақпан күні кешке Уиткофф пен Уолтц Сауд Арабиясына аттанды, ал Рубио 17 ақпанда Израильге сапарынан кейін Эр-Риядқа барады.

Украина президенті Владимир Зеленский 15 ақпанда бұл кездесуге Киев ресми шақырту алмағанын мәлімдеді. Алайда, Дональд Трамп пен Стив Уиткофф Украина келіссөздерге қатысатынын айтты. Марко Рубио да CBS телеарнасына берген сұхбатында «шынайы келіссөздерге Украина мен Еуропа елдері қатысуы керек» деп атап өтті.

Зеленский 16 ақпан күні кешке ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Украиналық президенттің ұшағы Мюнхеннен Польшадағы Жешув-Ясенка әуежайына, одан кейін Әбу-Дабиге ұшқан. Эр-Риядқа жету үшін оған екі сағаттық ұшу қажет.

Ресей тарапының келіссөздерге қатысатын нақты делегациясы ресми жарияланған жоқ.

Axios мәліметінше, кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, президенттің көмекшісі Юрий Ушаков, сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин қатысуы мүмкін.

Сонымен қатар, келіссөздерді АҚШ-та білім алған және жұмыс істеген Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев үйлестіріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары