$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Николай Валуев енді Әзербайжанға кіре алмайтын болды

Елдің СІМ-і осындай шешім қабылдаған

Николай Валуев енді Әзербайжанға кіре алмайтын болды
Фото: РИА Новости

Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты, туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Николай Валуевтің Әзербайжан мен оның халқын қорлайтын және елге қауіп төндіретін мәлімдемелері Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі тарапынан қатаң сыналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1news.az хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Гаджизаде ресми мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Николай Валуевтің елге кіруіне тыйым салынып, ол «қалаусыз тұлғалар» тізіміне енген.

Айхан Гаджизаде атап өткендей, бұған дейін Мемлекеттік Дума ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары Константин Затулин мен Отбасы қорғау комитеті төрағасының орынбасары Виталий Милонов та Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы пікір білдіргені үшін осы тізімге енген болатын.

Николай Валуев бұған дейін ресейлік БАҚ-та Әзербайжан азаматтарын тіркеуге алып, оларды майданға жіберу туралы ұсыныс білдірген. Сонымен қатар, ол Орталық Азия мен Кавказдан шыққан азаматтарды қорлап, оларды «тобыр» деп атаған. Бұл мәлімдемелер ксенофобияның және империялық шовинизмнің белгісі ретінде қабылданды.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары