Бектенов, Қасымбек, Нәлібаев: бүгін Тоқаевтың алдында кімдер баяндама жасайды
Дәл қазір премьер-министр Олжас Бектенов елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап жатыр
Бүгін Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында кімдер баяндама жасайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда хабарлағандай, Тоқаевтың алдында премьер-министр, оның орынбасары, Ұлттық банк төрағасы мен бірнеше қаланың әкімі есеп береді.
«Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды», - деп хабарлады Ақорда.