Бұған себеп – Дональд Трамптың жаңа көші-қон саясаты
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Америка Құрама Штаттары заңсыз миграцияны азайту мақсатында миграциялық саясатын барынша қатаңдатқанын ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елшіліктің ресми сайты хабарлағандай, жаңа миграциялық саясат елге заңсыз келген шетелдіктерге (визасыз келген және тұрақты тұруға рұқсаты жоқ азаматтар) және АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға қатысты болып отыр.
«Қамауға алу және елден шығару сынды мәжбүрлеу шараларымен қатар, АҚШ-қа қайта кіруге шектеулер енгізіліп, сондай-ақ әлеуметтік көмек, жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттар мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді жою қарастырылады. АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр», - деп ескертеді елшілік.
Бұдан өзге елшілік Америкада күшіне еніп жатқан басқа да өзгерістерді тізіп өткен. Соның ішінде,
«АҚШ көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ресми ақпаратты келесі ресурстардан бақылап отыруды ұсынамыз: АҚШ азаматтығы және иммиграция қызметі (USCIS); АҚШ Мемлекеттік департаменті - Консулдық мәселелер бюросы», - деп ескертеді елшілік.