Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Кеннедидің өлім құпиясын ашуға бұйрық берді
Атышулы оқиға Джон Кеннедидің өлімі туралы қауесеттер көп тараған
Дональд Трамп бұрынғы АҚШ президенті Джон Кеннедидің өліміне байланысты тергеу материалдарын жария етуге бұйрық берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW-ге сілтеме жасай отырып.
Трамп Американың 35-ші президенті Джон Кеннедидің, оның інісі, АҚШ-тың бұрынғы Бас прокуроры Роберт Кеннедидің және баптист Мартин Лютер Кингтің өліміне байланысты құжаттарды жария ету туралы жарлыққа қол қойды.
«Мен президент Джон Кеннедиді өлтіруге қатысты жазбаларды үнемі өзгертіп, оны халықтан жасыру – қоғам мүддесіне қайшы деп ойлаймын. Бұл жазбаларды әлдеқашан жариялау керек еді», - деді Трамп.
Енді АҚШ Бас прокуроры бірнеше лауазымды тұлғалармен бірге Джон Кеннедидің өліміне қатысты құжатты толық жариялаудың жоспарын ұсыну керек.
Айта кетсек, Джон Кеннедиді 1963 жылы 22 қарашада Далласқа ресми сапары кезінде атып кетті. Ол кезде АҚШ-тың президенті болып сайланғанына екі жыл болған. Кеннедиді өлтірді деген айыппен бұрынғы теңіз жаяу әскері Ли Харви Освальд қамауға алынды. Оны үш күннен кейін Джек Руби деген адам өтіріп кетеді.
Джон Кеннедиді інісі Роберт Кеннеди АҚШ-тың Бас прокуроры (1961-1964) және Нью-Йорк штатының сенаторы (1965-1968) болған. Ол президенттікке үміткер болып, 1968 жылы 5 маусымда Лос-Анджелесте сайлау науқаны кезінде қаза тапты. Оны атып кетті. Оқиға орнында Серхан Серхан атты палестиналық ұсталып, өлім жазасына кесілді, бірақ кейін үкім өзгертіліп, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 1968 жылы 4 сәуірде Теннесси штатының Мемфис қаласында баптист Мартин Лютер Кингті өлтіріп кетті. Джеймс Эрл Грей деген адам Мартин Лютер Кингті өлтіргені үшін 99 жылға дейін сотталып, түрмеде қайтыс болды.