$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкіметтің құрамы өзгере ме, жоқ па, оны президент өзі шешеді – депутат

Үкіметтің кеңейтілген отырысы келесі аптаға жоспарланған

Үкіметтің құрамы өзгере ме, жоқ па, оны президент өзі шешеді – депутат
Фото: istockphoto.com

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің құрамы өзгеруі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутат Үкімет құрамына қатысты нақты ештеңе айта алмайтынын алға тартты.

«Бірақ өмірдің өзі өзгерістерден тұрады ғой. Мемлекет басшысы жұмысын дұрыс атқара алмаған үкімет мүшелерін алмастыру, не болмаса шара қолдану туралы айтты. Президенттің былтырғы жылдың қорытындысына қарай, бюджет қабылданатын кездерде, Үкіметтің басқа да жұмыстарының нәтижесіне қатысты өз ұстанымы бар. Сол себепті оны президент өзі шешеді деп есептейміз», - дейді Нұртөре Жүсіп Сенат кулуарында.

Десе де сенатор Үкімет мүшелері өз жұмысын жақсырақ орындауға ұмтылуы керек деп санайды.

«Қандай жағдай болмасын Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе болғандықтан, Үкімет өз жұмысын ширатуы керек деп есептеймін. Бұл менің жеке пікірім», - деді ол.

Естеріңізге салайық, 28 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Серіктес жаңалықтары