Ресейлік насихатшы Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комаға түсті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл ақпаратты оның әйелі Маргарита Симонян растады

https://m.zerkalo.az/

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан туралы ойға қонымсыз пікір айтқан лынған ресейлік режиссер және журналист Тигран Кеосаян комада жатыр. Әйелі Маргарита Симонянның айтуынша, Кеосаян клиникалық өлімді бастан кешірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл ақпаратты соңына дейін айтпайын деп едім, бірақ, журналистер хабарласып жатқан соң, өзім жазайын деп шештім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімнен кейін комада жатыр. Оның жүрегі бұрыннан ауыратын», - деп жазды Маргарита Симонян.

Оның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын Тигран Кеосаянның үлкен ағасы қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетейік, Тигран Кеосаянның Қазақстанға кіруіне ресми түрде тыйым салынған. 2022 жылдың 24 сәуірінде Кеосаян YouTube интернет-каналында Қазақстан туралы жағымсыз әзіл айтқан еді.

«Қазақтар, бауырларым-ау, бұл не деген жөнсіздік өзі? Сендер шынымен де Ресей жоқ болып кетеді деп сенесіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып, немесе басқа жаққа ауып кетеді дейсіңдер ме? Мен Ресей Федерациясының азаматы Тигран Эдмондович Кеосаянның жеке пікірін айтып отырмын. Украинаға мұқият қарап, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да қарым-қатынас деңгейін қайта қарастыруы керек шығар деген ойдамын. Өйткені, қалқатайларым, егер бұдан ары да қулығымызды асырып жүре береміз және ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді, бәрі де өзгерді. Ал пойыз кетіп барады. Сендер әлі соңғы вагонға секіріп үлгересіңдер... Бірақ дәл бұлай бұлғаңдап енді жүре алмайсыңдар. Мен солай екеніне сенемін, өйткені достық ойыны аяқталды. Ендігі мәселе аман қалу турасында болмақ», - деп доқ көрсеткен еді Кеосаян өз видеосында.

Сол жылы  24 маусымда Кеосаянның осы мәлімдемесіне орай ҚР Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді. Ведомство өкілі Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның Қазақстанға «жағымсыз» түлғалар тізіміне енуі ықтимал екенін атап өтті. Сондай-ақ ҚазТаг агенттігінің мәліметінше, Кеосаянға нон-грант мәртебесін беріліп, Қазақстанға келуіне тыйым салынғандар тізіміне енгені мәлім болды