$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ол жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі»: ресейлік журналист Тигран Кеосаянның мәлімдемесіне СІМ жауап қатты

Оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсетуі мүмкін

«Ол жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі»: ресейлік журналист Тигран Кеосаянның мәлімдемесіне СІМ жауап қатты
Фото: Inbusiness

ҚР СІМ баспасөз хатшысы А.Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның орынсыз қорлайтын және объективті емес сөздері еріксіз назар аударады. Бәлкім, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін болар. Алайда елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сай келмейді», - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы.

Ол сөзін жалғай отырып, мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландыратынын және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түсетінін айрықша атап өтті.

«Ол Қазақстанға кірмеуі мүмкін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», - деді А.Смадияров.

Серіктес жаңалықтары