05.12.2024, 23:24
Саясат
Мемлекет басшысы АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
