Ербол Еділов Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған

Еділов Ербол Оңдағанұлы 1981 жылы 30 қарашада Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

- Қазақ гуманитарлық заң университеті, Алматы (2002); Мамандығы «Заңгер»

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Агенттігінің Еуразиялық оқу орталығы тақырып бойынша - нормативтік құқықтық актілер: нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін жазу ерекшеліктері, заң қабылдау процедуралары (2007 ж.);

- Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының МВА, Мәскеу (2014 ж.);

- Ганноверде және Гонконгта тағылымдамадан өтті.

Еңбек өтілі:

- «Хабар» агенттігінің штаттан тыс тілшісі (2000-2002);

- Жаңаөзен қаласы прокурорының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі көмекшісі, Маңғыстау облысы прокуратурасының прокуроры (2002-2008);

- «Бұрғылау» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі (2008);

- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «ТеңізСервис» ЖШС құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің заң кеңесшісі (2008-2009);

- «Өзенмұнайгаз» ӨФ заң бөлімінің кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жедел басқару тобының еңбек қатынастарының инженері (2009-2012 жж.);

- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ персоналды басқару департаментінің директоры (2012-2016 жж.);

- «Бұрғылау» ЖШС атқарушы директоры (2016-2017);

- GR Consulting Group ЖШС басқарушы директоры (2017);

- Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «ғаламдық оқиға» КММ директорының орынбасары (2017-2018);

- Ш.Есенов атындағы КМУ ректорының кеңесшісі. (2018-2019);

- Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (2019-2020 жж.).

Айта кетейік, Ербол Еділов YedilovOnline Телегарм каналының авторы.