«Ардагерлердің ерлігі мәңгі есте қалады»: ҰҚШҰ-ға мүше елдер жеңістің 80 жылдығын тойлайды
Осы датаға қатысты бірлескен жоспарлар әзірленеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Ұлы отан соғысының 80 жылдығын мерекелеу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоқаев кеңестің шағын құрамдағы отырысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесі талқыланғанын айтты.
«Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге ерекше назар аударылды. Ардагерлердің батырлығы мен тыл еңбеккерлерінің қайсарлығы мәңгі жадымызда сақталады. Олар бізге мәртебе мен сыйластықтың ерекше үлгісі болып қалады. Осы мереке қарсаңында ҰҚШҰ кеңесінің ұжымдық мәлімдемесі мен мерейтойды тойлау бойынша жоспарларды белгілеу керек. Бүгінгі бастамалар кеңеске мүше елдердің қызығушылығы аясында орындалады», - дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы атағандай, ҰҚШҰ-ға Қазақстан төрағалық еткен уақытта басты бағыттар бойынша 60 шара өткізді.