$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.11.2024, 16:50
Саясат

Сәтбаев аспанындағы із Украинадағы соққымен байланысты ма (ВИДЕО)

Бұл мәселеге қатысты  әскери сарапшы Мұхтар Серікпаев пікірін ұсынды

Күні кеше орталық Қазақстанның халқы аспанда ракетаның үлкен ізін байқаған. Дәлірек айтсақ, Сәтбаев қаласының аспанындағы бұл ақ із көпті шошытқан еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған байланысты әскери сарапшы, Әскери ғылымдар академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Серікпаев өз пікірін ұсынды. 

«2024 жылы 21 қарашада Астана уақытымен сағат 17:22-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-29» жүк ракетасы жоспарлы түрде ғарышқа ұшты. Бұл туралы отандық БАҚ та, ресейлік БАҚ та жазған болатын. Бұл оқиға - Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін бағдарламаның ішінде бар. Бұл оқиғаның тікелей эфирі Роскосмостың ресми ресурстарында жарияланды», - дейді Серікпаев.

Оның айтуынша, ракетаның аспандағы ізі көбіне түнгі аспанда, әсіресе ұшу жолына жақын елді мекендерде байқалатын құбылыс.

«Ал әскери әрекеттер туралы ақпаратқа келетін болсақ,  фактчекинг Украина аумағына соққы болғанын көрсетеді, бірақ ол 21 қарашада Киев уақыты бойынша таңғы 5:17-де (Астана уақыты бойынша 7:17) орын алды. Бұл соққы Ресейдің Астрахан облысының аумағынан жасалған. Бұны Ресей журналистері бірден жазды. Сондықтан 10 сағаттан кейін ұшқан «Прогресс МС-29» ғарыш кемесінің Украинадағы соққымен ешқандай байланысы жоқ», - дейді ол.

Сарапшының айтуынша, әлеуметтік желіде таралған жалған ақпарат қоғамда шиелініс тудыруы мүмкін.

«Сондықтан, мен біздің азаматтарды осындай мәлімдемелерге сыни көзқараспен қарауға, фактілерді тексеруге және ресми дереккөздерге, сондай-ақ сараптамалық түсініктемелерге жүгінуге шақырамын», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл тапсырма берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары