$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.11.2024, 10:20
Саясат

Тоқаев, Назарбаев және Қонаевтың қай ауруханада емделгені белгілі болды

Бұл аурухананың алғашқы фельдшерлері шақыртуға арбамен барған

Тоқаев, Назарбаев және Қонаевтың қай ауруханада емделгені белгілі болды
Фото: Ұлттық госпиталь

1929 жылы Қазақ КСР-нің сол кездегі астанасы Қызылорда қаласынан Алматыға көшірілген ұлттық госпиталь 95 жылдығын тойлап жатыр. Бұл аурухана сол кезде саяси қайраткерлер емделетін мекеме болып қайта құрылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Халық Комиссарлары Кеңесінің Санитарлық басқару амбулаториясымен біріккен клиниканың фельдшерлері сол кездегі шақыртуларға арбамен баратын.

«1933 жылы аурухананың жеке стационарлық корпус салынған. Оның ішінде 55 төсек, емхана, дәріхана, анықтама үстелі, терапевтік, хирургиялық және гинекологиялық бөлімдер бар болатын.  Аурухананың дәрігерлеріне сол кезеңнің белгілі профессорлары мен атақты мамандары кеңес беретін. Ал келіп қаралатын науқастар - ғалым, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, шығармашылық элита, жоғары дәрежелі партия қайраткерлері еді. Ел арасында «Совминка» деп аталып кеткен аурухана КСРО ыдырағанға дейін жабық типтегі емхана болатын. Мұнда Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаев те емделген», - деп хабарлайды Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, тәуелсіздік алғаннан кейін бұл аурухана халыққа қолжетімді болған. Қазір ауруханада 1500 қызметкер жұмыс істейді.

 

Серіктес жаңалықтары