11.11.2024, 12:20
Саясат
Ішкі істер министрлігінде тағы бір басшы ауысты
Санжар Әділов ІІМ орынбасары қызметіне тағайындалды
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әділов 2024 жылдың наурыз айынан бастап Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының басшысы қызметін атқарып келді.
Ол 2019 жылдың қараша айынан бастап ІІМ Тергеу департаментін басқарды, кейін 2023 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысының полиция департаментіның басшысы болды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
