Екібастұзда кәсіпкерлерге заңсыз салық салынған

Автор: Azattyq Rýhy

оларға жалпы сомасы 4,4 миллион теңге қайтарылды.

Фото: gov.kz

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде орын алған заңсыздықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экономика және қаржы бөлімі кәсіпкерлерге заңсыз мүлік салығын төлеу міндеттемесін жүктеген. Прокуратураның қадағалау актісі нәтижесінде 6 кәсіпкер мүлік салығынан босатылып, оларға жалпы сомасы 4,4 миллион теңге қайтарылды.

«Бұл шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ережелеріне сәйкес келді, ал заң бұзған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды», - делінген хабарламада.