Үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе алмайды – Серік Жұманғарин (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Премьер-министрдің орынбасары уақыт белдеуі күн тәртібінен түскен тақырып дейді

Үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе алмайды  – Серік Жұманғарин (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистердің алдына шыққан премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуіне қатысты тақырыпты тоқтату керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, үкімет кез келген нәрсе үшін референдум өткізе бермейді. Және, вице-премьердің айтуынша, бұл тақырып талқылаудың бүкіл сатысынан өткен.

«Шынын айтқанда, үкімет кез келген нәрсе үшін ылғи референдум өткізуге міндетті емес. Дұрыс қой? Ол үшін алқа орган бар. Уақыт белдеуіне қатысты шешім қабылдарда тиісті мемлекеттік зерттеулер жасалды. Шешім тәртіп бойынша қабылданды. Содан кейін регламент аясында петиция басталды. Петиция да тәртіп бойынша қаралды.Нақты шешім қабылданды. Менің бұған алып-қосарым жоқ», - дейді Жұманғарин.

Жұманғариннің пікірінше «жаңа уақыт белдеуі денсаулыққа зиян тигізіп, жарық үшін төленетін шығынды көбейтіп жатыр» деген аргументтер дәлелденбеген.

«Кез келген нәрсені қолдайтындар бар, оған қарсылар бар. Қарсылық танытып жатқан адамдардың айтқаны дәлелденген жоқ. Біріншіден, денсаулыққа зиян келіп жатыр деген уәждері, екіншіден, электр қуаты үшін артық төлем жүреді деген пайымдары дәлелденген жоқ. Ал, «ерте тұрып, ерте жату керек» деген аргумент -  субьективті пікір. Дегенмен, жұмыс тобы бұл мәселелерді орта мерзімді перспективада қараймыз деді. Петиция жазылды, ол қаралды, шешім қабылдады, сондықтан, бұл тақырыпты тоқтататын уақыт болды», - деді Жұманғарин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.