Референдум азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогты кеңейтті - Әбдіров

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол халықаралық байқаушылардың бағасы оң екенін жеткізді

Фото: Azattyq Rýhy

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум нәтижелері бойынша соңғы шешімнің күші жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдумда қабылданған шешім ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Референдумда қабылданған шешімнің Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күші бар және актілермен қандай да бір қуаттауды қажет етпейді»,- дейді Әбдіров. 

Оның айтуынша, референдумды өткізу демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды. 

«Беделді сарапшылардың пікірінше, референдум өткізу азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың кеңейгенін, қоғамның дамуы мен саяси мәдениеттің қалыптасуының жаңа кезеңдерін көрсетеді. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының бағалауы бойынша, референдум заңнама мен халықаралық міндеттерге сай өтті»,- дейді Нұрлан Әбдіров. 

Еске салсақ, орталық референдум комиссиясы дауыс берудің соңғы қорытындысын жариялады.