Қалған мемлекеттерде отандастарымыз әлі дауыс беріп жатыр
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 9 мемлекетте референдум учаскелері жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта шетелдік референдум учаскелері өз жұмысын аяқтады», - делінген хабарламада.
Ал қалған шет елдерде референдум учаскелері әлі ашық, дауыс беру жалғасып жатыр.
Астана уақытымен сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды.