Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары ұзын-сонар кезекте тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Олар референдум учаскесіне ерте келіп, дауыс беріп жатыр

видеодан скриншот

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығына қарасты провинцияларда білім алып жүрген студенттер референдумда дауыс беру үшін ұзын-сонар кезекке тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Консулдықтың ақпаратына сүйенсек, Түркия еліндегі 40-тан астам университетте білім алып жүрген студенттері, сондай-ақ Измир, Сакария, Бартын, Бурса, Коджаэлі сияқты провинцияларда тұрып жатқан ел азаматтары референдум учаскесіне ағылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, шет елдерде  40-тан астам учаске жұмыс істеп жатыр. 

 

Тегтер: