Курчатовта Ұлттық ядролық орталықтың директоры дауыс берді

Azattyq Rýhy

Қалада 12 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр

Курчатовта Ұлттық ядролық орталықтың директоры дауыс берді
Фото: Курчатов қаласының әкімдігі

Курчатов қаласындағы референдум учаскесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының директоры Эрлан Батырбеков дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық ядролық орталықтың директоры атап өткендей, бұл күн  қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие.

«Бүгін мен конституциялық құқығымды пайдаланып, референдумда дауыс бердім. Менің ойымша, бұл күн барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды, өйткені біз еліміздің тағдырын ондаған жылдар бойы өзіміз анықтауға мүмкіндік алдық. Соңғы бірнеше айда түсіндіру жұмыстары жүріп, оған ғалымдар, сарапшылар, мамандар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мәжілісмендер, сенаторлар тартылды. Бұл жұмыс адамдарға өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Эрлан Батырбеков.

Айта кетейік, Курчатовта барлығы 12 референдум учаскесі бар, қазір онда 60 адам жұмыс істейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.