Мәулен Әшімбаев референдумда өз таңдауын жасады

Автор: Аубакирова Нургуль

Ол Астанадағы 164 сайлау учаскесінде дауыс берген

Фото: видеодан скрин

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АЭС салу мәселесі жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат спикері елордада Ұлттық кітапханадағы 164 сайлау учаскесінде дауыс берген.

Естеріңізге салайық, бүгін қазақстандықтар жалпыұлттық референдумда «Қазақстанда атом электр стансасын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беріп жатыр.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07.00-де ашылды. Азаматтар кешкі сағат 20.00-ге дейін таңдау жасай алады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та референдумда дауыс беріп, АЭС-ті кім салатынын айтты.