$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2024, 16:05
Саясат

Президент Еуропалық комиссияның басшысымен не туралы сөйлесті

Кездесу Қазақстан судьяларының IX съезі аясында өтті

Президент Еуропалық комиссияның басшысымен не туралы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты.

Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.

Серіктес жаңалықтары