Мәулен Әшімбаев: Сенат жұмысын тиімді ұйымдастыруымыз қажет

Автор: Azattyq Rýhy

Мәулен Әшімбаев Сенат Бюросының отырысын өткізді

Фото: баспасөз қызметінен

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата Бюросының отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Отырыс барысында Сенат Төрағасы төтенше жағдай режимінен кейін елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылатынын атап өтті. Оны арнайы мемлекеттік комиссия әзірлейді. Өз кезегінде, Жоғарғы палата Президенттің экономиканы одан әрі дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі дер кезінде қамтамасыз етуге тиіс. Сенат Төрағасының айтуынша, депутаттар қазіргі кезеңде Президенттің барлық бастамаларына тиімді әрі уақытылы қолдау көрсетуі керек. 

«Соған байланысты біз өз жоспарымызды қайта қарап, Мемлекет басшысының айтқандарын толық орындау үшін Сенат жұмысын тиімді ұйымдастыруымыз қажет», – деді Мәулен Әшімбаев. 

Сонымен қатар бюрода Парламент Сенатының 14 мамырда өтетін отырысының күн тәртібі белгіленді.