16.09.2024, 14:57
Саясат
Немістер Қазақстанда литий іздеп жатыр - Қанат Шарлапаев
Егер тапса немістер елімізде зауыт салады
Фото: Istockphoto
Германия сирек кездесетін металлдарға, соның ішінде литий металлына барлау жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Ақордада өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір Германия тарапынан сирек кездесетін металлдарға қатысты қызығушылық жоғары. Неміс компанияларының біреуі қазір Қазақстанда литий іздеу бойынша геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Егер тапса, литий өндіретін зауыт салу туралы жоспар құрып отыр», - деп хабарлады министр.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц келді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді