Олаф Шольц Ақордада: Германия мен Қазақстан қандай құжаттарға қол қояды

Темірхан Айжан

Ол «Орталық Азия + Германия» форматындағы жиынға қатысады

Олаф Шольц Ақордада: Германия мен Қазақстан қандай құжаттарға қол қояды
Фото: Үкімет

Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары аясында 6 негізгі құжатқа қол қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірінші, Алматы энергетика және байланыс университетінің негізінде атақты Анхальт университетінің филиалы ашылады.

Екінші, Ақтаудағы Есенов университетінің негізінде Берлин техникалық унивеситетінің филиалы ашылады.

Үшінші құжат, президент жанындағы ұлттық ғылым академиясының жанынан қазақ неміс ғылыми орталығы ашылады. Бұл зерттеу институттары арасындағы жұмысты жүйеге келтіру мақсатында ашылады.

Төртінші, ШҚО техникалық университетінде Өскемен қаласында қазақ-неміс металлугрия және кен байыту саласында арнайы үлкен зерттеу орталығы ашылады. Оған бірнеше университет кіреді.

Бесіншісі, Еуразия Ұлттық университетінің негізінде неміс тілін үйрену орталығы ашылады. Бүгін ресми ашамыз. Неміс тілі соңғы жылдары ұмытылып кетті, бұрын неміс тілі жақсы оқылған.

Соңғы келісімшарт – Алматыдағы ұлттық аграрлық университет негізінде Су шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығы ашылады. Қазір су мәселесі үлкен мәселеге айналуда», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Еске салсақ, елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц ресми сапармен келді. Ол «Орталық Азия + Германия» форматындағы жиынға қатысады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.