Тоқаев Ақордаға министрлерді жинап алып, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Отырысқа Байбазаров, Әрінов, Жақсылықов пен Шарлапаев қатысқан 

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту туралы баяндама жасаған.

Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға байланысты ұсынылған тәсілдерді, сондай-ақ армияны заманауи қарумен, әскери техникамен, соның ішінде отандық қорғаныс кешені кәсіпорындары шығарған өнімдермен жарақтандыруға қатысты шешім шығарған. 

Ақорда жазғандай, жиын соңында президент-Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.