Су тасқынынан 4 мыңға жуық адам қаза тапқан
КХДР жетекшісі Ким Чен Ын шілде айында Солтүстік Кореяда жаппай су тасқынының алдын алмағаны үшін 30-ға жуық шенеунікті өлім жазасына кесуге бұйрық берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Chosun телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
КХДР-дағы нөсер жаңбырдың арты алапат су тасқынына айналып, салдарынан тек Джаганг провинциясының өзінде ғана үш жарым-төрт мыңға жуық адам қаза тапты. Оның үстіне, бұл жұқпалы аурулардың эпидемиясына әкеген.
Басылым КХДР басшысы губернатор, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру министрі лауазымына тең келетін Джаган провинциясы партиясының жауапты хатшысын қызметінен босатуға бұйрық бергенін атап өтті.