Қазақстанда ҰҚШҰ-ның төтенше жағдай органдары оқу-жаттығу өткізді
Ұйым мүшелері өзара тәжірибе алмасты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖ органдары бөлімшелерімен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұйым мүшелеріне өзара көмек пен қолдаудың тиімді тетігі халықаралық қатынастарға, достыққа, көрші елдер арасындағы татулыққа және тең құқыққа негізделген. Біздің құтқару бөлімшелеріміздің ұтқырлығы мен жеделдігі елдерімізге ұжымдық қауіпсіздік алдында тұрған табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың сын-қатерлерімен күресуге мүмкіндік береді», - деп ҚР ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Құтқарушылар оқу-жаттығу барысында жойқын жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі практикалық дағдыларды жетілідіріп қана қоймай, құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен де алмасты.