Тоқаев өзінің басты міндетінің бірі қандай екенін ашық айтты

Azattyq Rýhy

Президент құқық қорғау органдарын батыл болуға шақырды

Тоқаев өзінің басты міндетінің бірі қандай екенін ашық айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретіндегі басты міндеттерінің бірін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, Қазақстан соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеткенін атап өтті. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Бірақ арқаны кеңге салуға болмайды, деп ескертті президент.

«Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру. Құқық қорғау органдарына және басқа да жауапты мекемелерге азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету жүктелді», - деді Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында.

Оның айтуынша, ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті.

«Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және табандылық танытуы керек», - деді президент.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.