28.08.2024, 15:17
Саясат
Қазақстан ағылшын тілін меңгерудің әлемдік рейтингісінде Қырғызстан мен Өзбекстаннан артта қалды
Өзбекстан Қазақстаннан 9 саты алда тұр
фото: EF Education First
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан ағылшын тілін оқыту жөніндегі 2023 жылғы EF Education First халықаралық білім беру орталығының рейтингіне сәйкес, тізімде 104-ші орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өзбекстан рейтингте 93-ші, ал Қырғызстан 90-шы орынға ие болды. Ресей 41-ші орында, Иран 58-ші, Түркия 66-шы орында болса, Грузия 32, Армения 48-ші орынға жайғасқан.
Авторлардың пікірінше, ағылшын тілінде Нидерланды, Сингапур және Австрия халқы жақсы сөйлейді. Конго демократиялық республикасы мен Тәжікстанда ағылшын тілінде ең нашар сөйлейтін халық жиналған. Есеп 113 елдегі 2 миллион ересек адамның сауалнама нәтижелеріне негізделген.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
