Таиланд тарихында ең жас Үкімет басшысы ант берді

Автор: Молдатай Сымбат

Ол – тарихта екінші рет сайланған әйел премьер-министр

Фото: Reuters /Chalinee Thirasupa

Таиландтың жаңа премьер-министрі, елдің бұрынғы жетекшісі Таксин Чинаваттың қызы Патонгарн Чинават Үкімет басшысы ретінде ант берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

37 жастағы Чинават 16 тамызда парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Ол - ел басқаруына келген Чинават әулетінің үшінші өкілі және Таиланд тарихындағы ең жас премьер-министр.

Айта кетерлігі, Үкіметті бұған дейін этикалық нормалардың бұзылуына байланысты қызметінен босатылған Сетта Тависин басқарған.

Еске салайық, Қазақстан Таиландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті