Осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халқының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Президент Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.