Иран ХАМАС жетекшісінің өлімі үшін Израильден кек алатынын жариялады
Исмаил Ханияның денесі Дохада жерленбек
Иран басты мешітінің күмбезіне кектің қызыл жалауын көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy kashmirobserver онлайн басылымына сілтеме жасай отырып.
ХАМАС жетекшісінің бірі Исмаил Ханияның өлімімнен кейін Иранның жоғары көсемі Сейіт Әли Хаменеи Израильді «қатаң жаза» күтіп тұрғанын айтқан. Бірнеше минуттан кейін қасиетті деп саналатын Кум қаласындағы басты мешіттің күмбезінде қызыл жалау желбіреді. Бұл кек алуға уәде беру дегенді білдіреді. Иран тарихында қызыл ту алты рет көтерілген.
Иран Ханияның өліміне 3 күндің аза тұту күнін жариялады. Оның денесі Катар елінің астанасына қойылады.
Еске салсақ, 31 шілдеде ХАМАС радикалды тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны Тегеранда өлтіріп кеткен болатын.