$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 12:30
Саясат

«Визаға әсер етпейді»: Корея елшісі бала қаққан Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді

20 жастағы отандасымыз Кореяда еңбек мигранты ретінде бір жыл заңсыз жүрген

«Визаға әсер етпейді»: Корея елшісі бала қаққан Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді

Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан Қазақстан азаматының әрекеті күллі корей қоғамын дүр сілкіндірді. Бұл оқиға халықаралық деңгейде дауға ұласып, екі мемлекеттің дипломаттары халықты сабырға шақыруға мәжбүр болды. 

 «Жас жігіт қой. Шошып қап, не істеп, не қойғанын білмей қалса керек. Бірақ кінәсін мойындап, қайта оралуы корей халқының жан жарасын біраз жеңілдеткені  белгілі. Бұл оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы визалық ережеге, одан қалды екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді деп ойлаймын»,- дейді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, көлік астына түсіп ауыр жарақат алған жеткіншек жолдың рұқсат етілмеген бөлігімен жүгіріп өтпек болған. Қазір хәлі тәуір. Ал Кореяға жеткен бойда жерлесімізге қатысты «қылмыс орнынан қашу, көлік құралын тіркеу ережелерін бұзу, сақтандыру мен жүргізуші куәлігінің болмауы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл баптар бойынша ірі көлемде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, деп хабарлады Сыртқы Істер министрлігі. Тергеу қапасында отырған 20 жастағы отандасымыз Кореяда еңбек мигранты ретінде бір жыл заңсыз жүргенін айта кетейік.

Ербол Ертөре, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары