22.07.2024, 14:54
Саясат
Тоқаев Иранның жаңа сайланған президентімен телефон арқылы сөйлесті
Масуд Пезешкиан Иран Ислам республикасының президенті болып тағайындалды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Иран Ислам республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
«Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты», - деп хабарлады Ақорда.
Көп оқылған
16.11.2026, 15:57
«Тәрбиені күшейту керек»: Астанада аспаннан доллар «жауғаннан» кейін Сәденов Тоқаевтан ескерту алған
16.11.2026, 13:22
Қара маскадағы қарақшы, адам өлімі, айналадағы полиция: Ақтөбе қаласында не болып жатыр
16.11.2026, 10:55
Бауырын баққызып, үй жинату үшін кешкі мектепке жібереді: Қазақстандағы ата-ана баласын оқудан неге шығарып алады
