$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШЫҰ мүше мемлекеттер келесі жылы Палестина - Израиль қақтығысы мәселесін көтереді

Елордада өткен саммит барысында 25 құжат бекітіліп, 20-дан астам шешім қабылданды

ШЫҰ мүше мемлекеттер келесі жылы Палестина - Израиль қақтығысы мәселесін көтереді
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада өткен ШЫҰ-ның саммиті өз мәресіне жетті. Жиын соңында сөз алған ШЫҰ Бас Хатшысы Чжан Миннің қорытындылауынша, саммитте ұйымның барлық қамтитын бағыттары бойынша, атап айтқанда саясат және қауіпсіздік, сауда және инвестициялар, көлік, энергетика, мәдени және гуманитарлық алмасулар саласында көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыланды.

Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты тақырыптық пікір алмасу өтті. Бұл ретте ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үш зұлымдық күшпен күресу қажеттілігі ерекше атап өтілді. Отырысқа қатысушылардың жалпы бағалауы бойынша ұйым өзінің өмір сүріп келе жатқан үшінші онжылдығында өзара сенім мен достық, тату көршілік қатынастарды нығайту, көпжақты диалогты кеңейту және өзара тиімді байланысты тереңдетуді берік дағдыға айналдырды. ШЫҰ қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде беделді құрылым болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Саммит барысында 25 құжат бекітілді, 20-дан астам шешім қабылданды. Сонымен қатар Қытай Халық республикасының Циндао қаласы 2024-2025 жылдары туристік және де мәдени қала деп жарияланды.

«Саммиттің негізгі жаңалығы –  Белорусь руспубликасының ШЫҰ-на мүше ретінде қабылдануы болды. Келесі жылы саммитте Бейжіңде салтанатты түрде Белорусь республикасының туы көтерілетін болады», - деді Чжан Мин.

ШЫҰ Бас Хатшысының сөзінше келесі жылы ұйымның негізгі көтеретін мәселесі – Палестина мен Израиль қақтығысы болмақ.

«2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы ШЫҰ-ға төрағалық жасады. Қазақстан тарапынан 140 әртүрлі салаларға қатысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бізге белгілі болғандай 2024 жыл ШЫҰ аясында «экология жылы» болып аталды. Келесі жылы ШЫҰ-ның негізгі қарайтын мәселесі Паслестина – Израиль қақтығыстары болмақ», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары