ШЫҰ саммиті: Ел басшыларының бірге түскен суреті жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сурет Астанадағы Тәуелсіздік сарайында түсірілді

Фото: Ақорда

Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтіп жатыр. ШЫҰ саммиті Қазақстанның төрағалығымен өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Тәуелсіздік сарайына келді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегациялардың басшыларымен кездесті.

Отырыс басталар алдында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңес қатысушыларымен бірлесіп суретке түсті.

Фотосуреттер мен видеоны Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Тегтер: