ШЫҰ саммитінің қатысушылары кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады

Azattyq Rýhy

Сонымен қатар елорда  қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды

ШЫҰ саммитінің қатысушылары кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады
Фото: Ақорда

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.

Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда  қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.