ШЫҰ хартиясы мүше елдердің ортақ проблемаларын шешуге ықпал етеді – саясаттанушы
Биыл еліміз ұйымға төрағалық етуін аяқтайды
AMANAT партиясы Қоғамдық саясат институтының сарапшысы, саясаттанушы Назерке Жаукеева Шанхай ыынтымақтастық ұйымының маңыздылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы-трансаймақтық халықаралық ұйым. Еуразиядағы ашық диалог алаңы деп те айтуға болады. Трансаймақтық деп айтуымыздың себебі жаһандық қауіп-қатерлер проблемалары трансұлттық сипатқа ие болды. Ол-сепаратизм,терорризм,киберқылмыс, есірткі тасымалы,халықаралық қылмыстық топтардың қызметі. Осының барлығы бірлесіп шешуді қажет ететін проблемалар»,- деді Жаукеева.
Оның айтуынша, ШЫҰ әуелден қауіпсіздік пен шекаралық аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге құрылса, 2001 жылдан бастап жаңа деңгейге өсті.
«Қазір сауда экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстың ауқымы кеңейіп келеді. Қазақстан да ұйым қызметін БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жақындатуға атсалысып келеді. 2024 жылы Экология жылы деп жарияланды. ШЫҰ-да оған қатысты іс-шаралар өтті. Қазақстан тарапы бір жылда 150 іс-шара өткізді»,- дейді сарапшы.
Ол атағандай, бұл жыл еліміз үшін тиімді әрі нәтижелі.
«Оның нәтижесін саммитте қабылданатын Астана декларациясынан көреміз. Ұйымға көптеген жылдан бері бақылаушы болып келе жатқан Беларусьтің қосылуын тарихи деп айтуға болады. Ұйым құрамындағы елдердің беделі де, бедері де әртүрлі, бірақ ШЫҰ хартиясына сәйкес елдердің ішкі позициясына араласпай,ортақ проблемасын шешу кіреді»,- дейді саясаттанушы.
Оның айтуынша, ҚХР төрағасы Қазақстанға 5 мәрте келіп отыр.
«Елімізге мүше елдердің келуі Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуінің аяқталуына құрмет ретінде қарастыруға болады»,- деді ол.