Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елордаға бүгін келді

Фото: Ақорда

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин кешкі ас форматында достық рәуіште кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.