25.06.2024, 12:39
Саясат
Тоқаев Словения халқын құттықтады
Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын», – деп жазылған жеделхатта.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
